Астанада 200 жетім баланың құқығы тапталды

Автор: Молдатай Сымбат

Олар үй кезегіне тұра алмаған 

Фото: istockphoto.com

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқығының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, 14 жасқа толмаған балаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшесі саналмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан», - деп хабарлады прокуратура.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.