Олар МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 198,5 мың адам әлеуметтік төлем алды. Төлемдердің жалпы сомасы – 46,5 млрд теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер ала алады. Бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты есептеледі. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
«Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады», - деп түсіндірді министрлік.
МӘСҚ қаражаты жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.