Олардың басым бөлігі өзін банк қызметкері деп таныстырған
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 453 интернет-алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның үштен екіден астамы, яғни, 205 жағдайда алаяқ өзін банк қызметкері деп таныстырған.
«Адамдарды алдау үшін қылмыскерлер тұтас спектакль ойнайды. Сізге байланыс операторы қоңырау шалып отыр. Сіздің SIM-картаңыздың жарамдылық мерзімі аяқталады, сіз бұл нөмірді одан әрі пайдалануды жоспарлап отырсыз ба? Қазіргі уақытта бұл – WhatsApp-та аудио қоңырауды бастаудың жиі кездесетін нұсқаларының бірі», - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Бөтен адамдарға құпия деректерді айтпау, AnyDesk, TeamViewer және басқа да бейтаныс бағдарламаларды орнатпау қажеттігін полиция тағы да еске салды.