$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана ауруханасындағы 13 жастағы бала өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Жоспарланған операция кезінде жасөспірім қайтыс болды

Астана ауруханасындағы 13 жастағы бала өлімі: қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com

Астананың №2 қалалық балалар ауруханасында хирургтар 13 жастағы жасөспірімнің мұрнындағы полипті алу үшін операция жасаған. Бір үйдің жалғыз баласы ота жасау кезінде көз жұмды. Полиция бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баланың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген полиция түсініктемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлер балаға қатерлі гипертермия деген диагноз қойған. Ата-анасына бұл 20-30 мың адамның ішінде бір кездесетін сирек сырқат деп түсіндірген. Алайда, көз жұмған баланың әке-шешесі дәрігерлердің сөзіне сенбейді. Олар кінәлі болса, жазасын тартсын деп отыр

Серіктес жаңалықтары