Ақтөбе облысы Тамды ауылындағы ескі жатақхана қоқыс тастайтын орынға айналған

Автор: Azattyq Rýhy

Хромтау ауданы тұрғындары шағымдарын айтты

Фото: Тамды ауылының тұрғындарынан

Ақтөбе облысы Тамды ауылында қараусыз қалған жатақхана қоқыс алаңына айналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Диапазонға сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар Қопа ауылдық округі әкіміне бірнеше мәрте шағымданған. Алайда әкімдік құр уәде берумен шектеліп отыр.

«Біз Хромтау ауданының Тамды (КС-14) ауылында тұрамыз. Ауыл 1963 жылы құрылды. 1975 жылы ауылда екі үй пайдалануға берілді – бұл 18 пәтерлік үй және екі қабатты жатақхана. Үй әлі де бар, бірақ апатты жағдайда. Ал екі қабатты жатақхана он жылдан астам уақыт бойы қараусыз қалып, ғимарат құлауға жақын. Кірпіш сынықтары жерге түсіп жатыр. Ауылымыздың жауапсыз тұрғындары сол жерге қоқыс тастайды. Ішінде қаңғыбас жануарлар (иттер, мысықтар) мекендеп алған. Жаз бойы жауған жауын-шашын салдарынан жатақханадан тараған жағымсыз иістен үйдің терезелерін ашу мүмкін емес», - деді тұрғындар.