Олар Қазақстан аумағына жұмыс істеу үшін кірген
Алматы облысында 175 шетелдік ұсталды, олар көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарасай ауданының аумағында орналасқан үш кірпіш зауыты мен «Алтын Орда» сауда-логистикалық орталығын тексеру барысында ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 175 шетел азаматы ұсталды.
«Олар жауапкершілікке тартылып, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болғандықтан, 95 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді», - деді облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарыкбасов.
Шетелдік азаматтардың көпшілігі ҚР аумағына жұмыс істеу үшін кірген.