Спорт емес, білімдегі басымдық: Қазақстанның оқушылары 50 алтын медаль жеңіп алған

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады

Фото: оқу-ағарту министрлігі

2023-2024 оқу жылында Қазақстанның оқушылары әртүрлі білім олимпиадаларында 424 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 50 медаль – алтын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік қолдау қарастырылған», - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, жуырда ғана Ханты-Мансийскіде  өткен ISPhO-2024 физика халықаралық ғылыми олимпиадасында Қазақстан оқушылары екі алтын, екі күміс, бір қолда медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға шыққан.