11.07.2024, 09:45
Қоғам
Халықаралық ғылыми олимпиадада қазақстандық оқушылар топ жарды
Бес жүлделі орынға ие болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар ISPHO халықаралық ғылыми олимпиадасында бес жүлделі орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ханты-Мансийскіде ISPhO-2024 физикадан халықаралық ғылыми олимпиада өз мәресіне жетті.
«Байқау нәтижесінде қазақстандық оқушылар бес жүлде, оның ішінде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 17 қатысушы елдің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді», - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан құрамасының мүшелері:
- Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;
- Досжан Бисимби — Алматы қаласы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі;
- Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының түлегі;
- Илияс Қазымбек — Астана қаласы РФММ-нің 9-сынып оқушысы.
- Команда жетекшілері: Самат Мақсұтов – PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов – CDU магистрі.
Көп оқылған
27.02.2026, 13:40
Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Индонезияда қалай қолға түскен (ВИДЕО)
27.02.2026, 06:10
Щучинскідегі кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды
27.02.2026, 11:00
Қол-аяғы көгеріп, әбден қиналған: Дубайда жарысқа қатысқан қазақ қызы қандай қиындықтан өткенін көрсетті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған