Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ
Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында 17 үй су астында қалды. Бұл туралы елдің ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғызстан ТЖМ мәліметінше, Чолпон-атада төрт үй, Бакту-Долоноту – 9 үй, Булан-Соготту – 1 және Бостериде 3 үй суға батты. Сонымен қатар, саяжай кентіне көпір қираған.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Еске салайық, маусым айының соңында Қырғызстанның бірнеше өңірінде сел тасқыны тіркелді. Салдарынан, Ноокат ауданында 9 адам қаза тапты. Оның қатарында Қазақстаннан қырғыз еліне туыстарына барған 4 бала бар.