Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады
Қазақстанда барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан бұл ақпараттың фейк екенін мәлімдеп отыр.
«Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, сізге осындай төлем алу үшін сілтемеге өтіңіз деп хабарлама келсе, оны ашпаңыз. Өйткені, ол сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алып алатын тәсіл болуы мүмкін», - деп хабарлады министрлік.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.