Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Бұл туралы мәжіліс депутаты Константин Авершин мәлім етті

Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат бүгін ауруханадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Нұржігітті емдеген дәрігерлердің суретін салып, қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіндегі дәрігерлерге алғыс айтқан.

«Ат салысқан, көмектескен, баламды аяғынан көтерген дәрігерлерге алғыс айтамын. Шынымды айтсам, балам осылай жазылып, жақсы хәлге жетеді деп ойлаған жқпын. Сондықтан, қуанышымды шек жоқ», - дейді сұхбат берген Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина.  

Нұржігіттің өзі болса оның жазылып кетуін тілеп, дұға еткен отандастарына алғыс білдірді.

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жазылдым», - дейді ол.

Еске салсақ, Жамбыл облысында әскерде жүргенде комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның анасы Жанна Жаналина әлеуметтік желіде президентке үндеу жариялап, көмек сұраған.

Жаналина ұлының ес-түссіз, арнайы аппаратпен тыныс алып жатқанын, жағдайы қиын екенін айтты. Мұнан соң президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеумен танысқанын, оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуді және кінәлі адамдарды жазалауды талап еткенін хабарлады. Кейін сарбаз комадан оянып, есін жиды.

Нұржігіт әскерге өткен мамырда ғана алынған. Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.