Оның ішінде 9 адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру фактілері анықталды
Жыл басынан бері адам саудасының 137 фактісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, адам саудасына және онымен байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Адам саудасының 137 фактісі, оның ішінде 9 адам ұрлау және қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру жағдайлары анықталып, жолы кесілді», - деп хабарлады ІІМ.
Еске салайық, 5 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңға қол қойды. Құжат бұрын заңнамалық деңгейде құқық бұзушылық ретінде қарастырылмаған әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді.