Қазақстанда КВИ-ден жазылғандардың саны 1107-ге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

СҚО-да вирус жұқтырғандардың 90 пайызы жазылып шыққан

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 23 адам сауығып шықты. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы - 11, Ақмола облысы - 2, Атырау облысы - 4, Қостанай облысы - 3, Түркістан облысы - 3. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жағдай тұрақталып келе жатқанын айтты.

«Сауыққан науқастардың саны 1000 адамнан асты, бұл мақтанарлық көрсеткіш. Соңғы аптада жағдай тұрақталып келеді, коронавирус жұқтырғандардың қатары 7 пайыздан асқан жоқ», - деді ол.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1107.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 281
  • Алматы қаласы – 176
  • Шымкент қаласы – 49
  • Ақмола облысы – 78
  • Ақтөбе облысы – 16
  • Алматы облысы – 28
  • Атырау облысы – 76
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Жамбыл облысы – 48
  • Батыс Қазақстан облысы – 31
  • Қарағанды облысы – 73
  • Қостанай облысы – 6
  • Қызылорда облысы – 138
  • Маңғыстау облысы – 9
  • Павлодар облысы – 11
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 27
  • Түркістан облысы – 52

Өкінішке қарай, бүгінге дейін Қазақстанда қауіпті індеттен 27 адам көз жұмды.