$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола колледждері: мұғалімдер зорлық үшін түрмеде отырып шыққан, оқу орнында ішімдік ішкен

Олар жұмыстан шығарылды 

Ақмола колледждері: мұғалімдер зорлық үшін түрмеде отырып шыққан, оқу орнында ішімдік ішкен
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы колледждерінде 200-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Прокурорлық тексеріс барысында колледждерде қауіпсіздікті, білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және т.б. салаларда 200-ден астам бұзушылық анықталды.

Мысалы, 2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеді. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен», - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасы.

Аталған фактілер бойынша колледж қызметкерлері жұмыстан шығарылды.

«Бірқатар оқу орнында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ. Сондай-ақ, студенттердің құрдастарына қатысты жүйелі түрде қорқыту фактісі анықталды. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады прокуратура.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары