Өткен тәулікте елде 7 автокөлік өртенді – ТЖМ

Автор: Молдатай Сымбат

Жүк көліктері мен жеңіл автомобильдер жанып кетті

Фото: ТЖМ

Өткен тәулікте ел аумағында 7 автокөлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ хабарлауынша, олар:

  • Талдықорған қаласында - жүк көлігі;
  • Ақмола облысында - жүк көлігі;
  • Ақтөбе облысында - жүк көлігінің тіркемесі;
  • Ақтөбе қаласында - жеңіл автомобиль;
  • Семей қаласында - жеңіл автомобиль;
  • Қызылорда қаласында - жүк көлігі бортының қаптамасы;
  • Астана қаласында - жеңіл автокөлік.

Барлық өрт сөндірілді.

ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді.