Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді
4 мамыр сағат 12:40-тағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 жағдай тіркелді. Оның ішінде Алматы облысы - 1, Жамбыл облысы - 2, Батыс Қазақстан облысы - 3, Маңғыстау облысы - 9, Түркістан облысы - 6, Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Шымкент қаласы - 1.
«COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар - 1974 ж., 1980 ж., 1986 ж., 1981 ж. және 1978 жылғы Түркістан қаласының тұрғындары. Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Кентау қаласының 1981 жылғы тұрғынының да вирус жұқтырғанын көрсетті. Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - делінген ақпаратта.
Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 141-ге жетті. Ал, қауіпті індеттен айыққандар қатары – 49 адам.