Ақтөбеде бір жасар нәрестенің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Бүгін Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 7 адам тіркелді

Ақтөбеде бір жасар нәрестенің коронавирус жұқтырғаны анықталды
Фото: ашық дереккөзден

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының 7 тұрғынының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олар — 2019 жылғы, 2017 жылғы, 2011 жылғы, 1976 жылғы ер адамдар және 1979 жылғы, 1940 жылғы, 1994 жылғы әйел адамдар. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Олардың бәрі вирус жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, медициналық бақылауға алынған. Қазір науқастар облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық.

«Науқаспен байланыс болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - делінген.

4 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 160 адам тіркелген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.