Қыз баланы танымайтын ер адам ұрлап кетпекші болған
Астанада кішкентай қызды алдап алып кетпекші болған ер адамды тұрғындар көріп қалып, дереу тоқтатқан. Оқиға орнына полиция шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің бірі қыздан «бұл адамды танисың ба?» деп сұраған, ол «жоқ» деп жауап берген.
«Қыз бала оны танымайтынын айтты. Ол Катя үйге кеттік, жүр дей берді. Ал қарап тұрған бізді «қызым үйге барғысы келмей тұр» деп алдауға тырысты. Қыздың анасы далада жүр», - дейді куәгер.
Астана полициясы күдікті ұсталғанын хабарлады.