Жезқазғанда үш адам коронавирус жұқтырды
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді
Жезқазған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды, олар 2000 жылғы ер адам, 2000 жылғы қыз бала және 1996 жылғы ер адам. Олардың барлығы бұған дейін Ресейден келгендіктен, карантинге жатқызылған болатын. 04.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша оларға COVID-19 вирусын жұқтырды деген диагноз қойылды. Үшеуі де жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
Тіркелген азаматтардың төртіншісі – 1982 жылы туған Теміртау қаласының тұрғыны, ер адам. Бұған дейін вирусты жұқтырып алған науқаспен байланыста болғандықтан карантинге жатқызылған. 04.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша оған COVID-19 жұқтырды деген диагноз қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
2020 жылғы 4-мамырдағы жағдай бойынша облыста инфекцияны 159 адамның жұқтырғаны анықталған, оның ішінде 2 адам көз жұмған және 73 науқас жазылып шыққан.