Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақхана тапшылығы әлі де бар екенін айтты. Әсіресе, бұл Алматы мен Астанада байқалады, деді министр. Осыған байланысты студенттердің жатақхана мәселесін шешуге арналған бірыңғай желі қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Студенттер аталған нөмірлерге қоңырау шала алады. Мұндай орталықтар түрлі жоғары оқу орыннында ашылды», - деді Саясат Нұрбек.
Биыл 10 576 орындық 27 жатақхана пайдалануға беріледі.
Жатақханалардағы бос орындар бойынша Алматы мен Астанадағы байланыс орталықтарының нөмірлері: +7 (700) 2551443, +7 (700) 9509528.