Атырау облысында 38 млн теңгенің мүлкі заңсыз қолданылған

Автор: Azattyq Rýhy

Станция мемлекетке қайтарылды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Атырау облысы Махамбет ауданында 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Махамбет ауданы прокуратурасы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі тарапынан заң бұзушылықты анықтады. Ол «Первомайский» ЖШС-не понтонға орнатылған су сорғысы станциясын тендер өткізбей, пайдалануға берген.  

«Шаруашылық субъектісі понтондық станцияны мемлекетке зиян келтіріп, қолдануды жалғастырған. Мүлік мемлекетке қайтарылды. Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады прокуратура.