Тұрар, Kalifarniya, Ернар Айдарлар ән айтады: Елдос Сметовті Тараз жұрты қалай қарсы алмақ

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол қала тұрғындарын қарсы алу рәсіміне шақырды

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бүгін Тараз қаласының орталық стадионында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті салтанатты күтіп алу рәсімі өтеді. Бұл туралы Мұхамеджан Тазабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қарсы алу шарасы 5-ші тамыз күні Тараз қаласының шығыс арқасынан бастау алады, содан кейін Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшелерінде төрт жылдықтың басты додасында топ жарған Жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында шеру ұйымдастырылады. Бұдан соң Орталық стадионда өтетін салтанатты шара барысында «Алашұлы» тобы, АДАМ, Тұрар, Kalifarniya, және Ернар Айдар секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді», - деп жазды ол.  

Іс-шараның негізгі бөлігі 5-ші тамыз күні сағат 18:00-де Орталық стадионда басталады.

Сондай-ақ ол Елдос Сметов пен оның бапкеріне сыйланатын жол талғамайтын темір тұлпарларды көрсетті. Еске салсақ, бүгін Алматы әуежайында Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті қарсы алу рәсімі өтті.