Атырауда алаяқтық жолмен несие рәсімдеген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Видеодан алынған кадр

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан несие рәсімдеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

36 жастағы күдікті банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.