Өскеменде хоккей командасының қақпашысы жаттығу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханада көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген

Фото: oskemen_insta

Бүгін Өскемендегі спорт сарайында «Торпедо» жастар хоккей командасының қақпашысы Иван Пыленок өзін нашар сезініп, дереу жедел жәрдем шақыртылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігерлер спортшыға қажетті медициналық көмек көрсетіп, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, барлық қолданылған шараларға қарамастан, Иванның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«Торпедо» хоккей клубы Иванның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Біз оны талантты, амбициялы және жарқын спортшы ретінде мәңгі есте сақтаймыз. Бұл барлығымыз үшін орны толмас қайғы», - делінген хабарламада.