Марат Әйтенов Дана Әтешованың 9 жыл некеде көрген қорлығын жоққа шығарды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол азаматтық соттың шешімін дәлелге алуды сұрады  

Фото: Forbes.kz

Астанада өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Марат Әйтенов 2022 жылы қыркүйекте болған сот отырысының шешімін оқып берді, деп  хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баспалдақтан құлатты, соққыға жықты деген айыптаулары шындыққа жанаспайды деп жазылған. Менің балаларымның өз әкесімен тұрғысы келмейді дегені де, Марат Әйтеновтің сыртымнан ажырасып кетті деген айыптаулары да дәлелденбеді. «Жүкті кезімде де таяқ жедім, шапалақпен емес, аяусыз ұрып-соқты. 9 жыл некеде оған адал болып, сатпадым» деді. Сот шешімі мұның барлығын жоққа шығарды», - дейді Марат Әйтенова.

Ол Дана Әтешова өзінің ınstagram парақшасындағы жазбасы жайлы айтты.

«Дана Әтешова мені ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны үшін кешірім сұрап, соттың шешімін оқып берді. 2023 жылдың қаңтарында Дана Әтешова Есіл аудандық сотына хаттама жібереді. Ол онда күшіне енген сот шешімін өз еркімен орындауға келіседі. Осы материалдарды сот дәлелі ретінде тіркеуді сұраймын», - дейді Марат Әйтенов.

Яғни, Әйтенов айыпталушы Дана Әтешованың 9 жыл некеде ұрып-соқты деген айыптауына осылайша жауап беріп отыр. 

Өз кезегінде Дана Әтешова бұл шешім азаматтық сотттың шешімі екенін айтты.

«Сот мені және балаларды Марат Әйтеновтің ұрғанына қатысты өткен. Ал азаматтық сот Әйтеновтің 2 жастағы баласын ұрып-соққанын қаперге алмады. Өзінің туыстарына да қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқан дәлелдерді азаматтық сот қараған жоқ. Бұл жерде сот оған баға бермейді. Бұл шешімге наразымын», - дейді Әтешова.