«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 57 миллион теңгені қолды еткен деген күдікке ілінді

Фото: fc-akzhayik.kz

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басқарма төрағасы Азамат Шайхы «Ақжайық» футбол клубындағы жұмыс кезеңімен байланысты ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады Антикор.