Ол айыппұлдарын уақытылы төлемеген
Шымкентте 110 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Mercedes-Benz S 350 көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды. Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, көлік айыптұраққа жеткізілді», - деп хабарлады ПД.
Жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілер анықталып жатыр.