Ер адам 26 шілде күні үйінен шығып, қайтып оралмаған
Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды еріктілер тәулік бойы іздестірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам 26 шілде күні Жаңа қала ауылындағы Комсомольская көшесі, 18/2 мекенжайындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.
30 шілде күні «Vita» іздеу жасағы іздестіру жұмыстарын бастаған. 31 шілдеде ер адамның денесі табылды.