«Прогресс дұрыс бағыт алмаған сияқты»: Қызылорда әуежайында багаж таспасының орнында адам тұр
Желіде әуежайдан видео тарап кетті

Қызылорда әуежайында багаж таспасының орнында адам тұр. Жалғыз өзі әр жолаушының жүгін тартып алып, шығарып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны пабликтің бірі сторисінде жариялады.
«Қызылорда 2030 жылда өмір сүріп жатыр. Барлық әуежай багаж таспасының функцияларын пайдаланса, Қызылордада бұл үшін арнайы адам бар», - деп жазды паблик.
Бір қызығы, дәл осы орында бұрын жолаушылар игілігі үшін айналып жұмыс істеп тұрған багаж таспасы болған. Оған дәлел ретінде видео салынған.
«Прогресс дұрыс бағыт алмаған сияқты», - деп жазды келесі стористе.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл видеодан багаж таспасы FlyArystan әуе компаниясына қызмет көрсететінін көруге болады. Бірақ, компания өзінің комментарийінде жүк тасымалдауға әуежай жауапты екенін хабарлады.
«FlyArystan әуекомпаниясы жолжүктерді түсіруге және таспаға жеткізуге жауапты емес екенін хабарлайды. Бұл процесс толығымен әуежай тарапынан бақыланады», - деп жазды компанияның баспасөз қызметі.
Редакция әуе компаниясының баспасөз қызметінен түсініктеме сұратады.
Видео: instagram.com/qumash_kz/