Ол Анталья университетінде оқиды
ҰБТ-дан 1 балл алып елді шулатқан түлек Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 үздік университетінен шақырту алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін ҰБТ-дан бір балл алған Ерасыл Уәлиев әлеуметтік желіде жұлдыз атанған еді. Ол өзінің шетелде оқығысы келетінін айтқан.
Енді ол Озйегин университетінде жасанды интеллект және Анталья университетінде дизайн бойынша білім алады. Бұл табандылық пен мүмкіндіктің бағалаудан маңыздырақ екендігінің дәлелі.
Ерасыл Уәлиев шақырту алған университеттердің тізімі:
Оны құттықтап пікір қалдырғандар Ерасыл ҰБТ дегеніміз - өмірдің соңы емес екенін дәлелдеді деп ілтипат танытып жатыр