«Арықтасаң айлық төлеймін»: астаналық жаттықтырушы кімге уәде берді

Автор: Azattyq Rýhy

Айтым Жақыповтың жобасына қатысушылардың бірі үйіне қайту туралы шешім қабылдады

Видеодан алынған кадр

Танымал елордалық жаттықтырушы Айтым Жақыпов қол астындағы қатысушысына арықтағаны үшін жалақы беруге уәде етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Артық салмақ тастауға арналған жобаға қатысып жүргендердің бірі үйіне қайтуды жөн көрді. Дамирдің сөзінше, оған отбасына қарайласу керек. Өйткені пәтердің ақшасынан бөлек, несие жабу мәселесі де қиындап кеткен.

Өз кезегінде жаттықтырушы және жоба жетекшісі Айтым Жақыпов қатысушыға қолдау көрсетіп, ай сайын өз қалтасынан 200 мың теңгеден беріп отыратынын айтты. Алайда ол үшін Дамир белгілі салмақты тастауы тиіс.