Полиция балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертеді
Атырауда «102» операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.
«Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді», - делінген хабарламада.
Полиция балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертеді.