Алдын-ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған
Ақтөбеде 29 жастағы ер адам 19-қабаттан секіріп кетті. Алдын-ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде трагедия орнынан видео жарияланды.
«30 шілде күні сағат 02:00 шамасында Ақтөбе қаласының 11-шағын ауданында орналасқан № 112 В үйінің 19-қабатынан 1995 жылы туған ер адам секірді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.