Жарықпен бірге үйлерде суық су да тоқтап қалған
Қостанай қаласында электр желісінде апат болып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Наш Костанай сайтына сілтеме жасап.
Жарықпен бірге үйлерде суық су да өшіп қалды.
Энергиямен қамтамасыз етуде ақаулар болғанда, сорғыш құралының авариялық тоқтауы тіркелген. Су жабдықтауын қалпына келтіру үшін насостық агрегатты қайта іске қосу қажет болды.
«14:17-де «Қызыл партизан» қосалқы станциясында «Қызыл Партизан – Оңтүстік-Батыс» электр беру желісінің қорғау жүйесінің іске қосылуы кезінде ақау пайда болды. Автоматты түрде қайта қосу мүмкін болмады. Желіні және қосалқы станцияны тексеру барысында, «Оңтүстік-Батыс» қосалқы станциясында құстардың жабдыққа түсуі салдарынан қысқа тұйықталу болып, кабельдің зақымдануы анықталды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.