$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2024, 17:47
Қоғам

Антикор «ауыр қылмысы үшін» бұрынғы полиция бөлімінің жедел уәкіліне іздеу жариялады

Әділ Бақыт - Сәтбаев қаласы ПБ бұрынғы жедел уәкілі 

Антикор «ауыр қылмысы үшін» бұрынғы полиция бөлімінің жедел уәкіліне іздеу жариялады
Фото: видеодан скриншот

Антикор «ауыр қылмыс жасаған» күдіктіге іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын іздестіруде: 

Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 ж.т., Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ. ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау», - деп жазды Антикор.

Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы,  8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07  ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу).

Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетінін еске саламыз.

Серіктес жаңалықтары