Атырау облысында жас бала түйеге соғылып, қаза тапты

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға 27 шілде күні сағат 21:30 шамасында болған

Фото: Istockphoto

Атырау облысында 14 жастағы бала түйеге соғылып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 2010 жылы туған жасөспірім мотоцикл жүргіземін деп түйеге соғылған. Баланың алған жарақаты ауыр болып, сол жерде көз жұмады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады облыстық полициядан.