Прокуратура салық заңнамасын бұзу фактілерін анықтады
Қостанай облысында 54 адамға негізсіз ұсталған 6 млн теңге теңге қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау барысында заң бұзушылықтар анықтады. Жеке табыс салығы төлеуден босатылған адамдардан да ұсталған.
«Прокурорлар жұмыс берушілер мына санаттағы 54 адамнан 6 млн теңге сомаға салық ұстағанын анықтады. Қабылданған шаралармен негізсіз ұсталған қаражат қайтарылды», - деп хабарлады прокуратура.
Салық кодексінің 346 бабына сәйкес, мұндай санатқа мыналар жатады: