Қостанайда 5 жасар қызды үш бала топтасып зорлаған: тергеу басталды

Күдікті балалар өз жасына байланысты қамауға алынған жоқ

Қостанайда 5 жасар қызды үш бала топтасып зорлаған: тергеу басталды
Фото: © istockphoto.com

Қостанайда үш жеткіншектің бес жасар қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісінен кейін тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерден кейін сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында үш бала анықталды. Күдіктілер қылмыстық жауапқа тарту үшін кішкентай болуына байланысты оларға бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптамалар жасалады, олардың нәтижесі бойынша тиісті процессуалды шешім қабылданады», - деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда болған жантүршігерлік оқиға жайлы НеМолчиKZ қоры жазды. Шілде айының басында бес жасар қызды 8, 12 және 13 жастағы ұлдар топтасып зорлаған. Екі бала қызға күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Балалар кінәсін мойындады, тергеуге мемлекеттік адвокат пен мектеп психологы тартылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.