Түлектер өз таңдауын жасады
Елімізде жоғары оқу орнында білім алу үшін 112 мың грант, соның ішінде бакалавриатқа 79 мыңға жуық грант бөлінді. Қоғамдық саясат институты түлектер ең көп таңдаған мамандықтар тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Білім грантын тағайындау конкурсына құжат 24 шілдеге дейін қабылданды. Биыл 186 мың түлек мектеп бітірген болса, оқу грантына 104 мыңға жуық өтініш түсті.
Өтініш саны көп түскен ТОП-15 білім бағдарламасы:
«Дене шынықтыру және шет тілі мұғалімі ең сұранысқа ие мамандықтың бірі болып қала бермек. Былтыр дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауға — 5377, шет тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламасына — 3862 өтініш түскен», - деп қорытындылады институт.
Жалпы конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.