Ертең, 27 шілде күні Қазақстанның солтүстігінде бұршақ жауады деген болжам бар
27 шілде күні Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кейбір жерлерде бұршақ түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қазгидромет хабарлағандай, ертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады. Ел аумағы бойынша найзағай ойнап, бұршақ түседі деген ақпарат бар.
«Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін төмендейді деген болжам бар», - деп хабарлады Қазгидромет.