Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкентте ер адам қызды алып қашып, кейіннен бойжеткен көнбеген соң оны зорлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл оқиға туралы әуелі «Немолчи.кз» ақпарат таратқан. Ақпаратқа сенсек, күдіктінің туыстары алып қашу туралы хабарды қыздың ата-анасына өздері жеткізген. Ал полицияға болған оқиға туралы жәбірленушінің құрбылары хабарлапты.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Осы фактіге қатысы бар барлық адам полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.