$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2020, 13:39
Қоғам

Нұр-Сұлтанда 4 мамырдан бастап жұмыс істейтін қызмет түрлері анықталды

Жұмыс таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін болады

Нұр-Сұлтанда 4 мамырдан бастап жұмыс істейтін қызмет түрлері анықталды
фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб шешімі бойынша, 4 мамырдан бастап жұмысын жалғастыратын қызмет түрлері бекітілді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігінің ресми сайтында көрсетілгендей, 4 мамыр сағат 00:00-ден бастап санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды күшейте және қызметкерлердің орталықтандырылған тасып таратылуын ұйымдастыра отырып төмендегідей қызмет түрлері жұмыс істейді:

  • сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар);
  • шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес болуы, үй-жайларды күнделікті өңдеу);
  • жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша);
  • адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша); медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша); жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша);
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету;
  • фотосалондар және гүл дүкендері; клинингтік қызметтер;
  • көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар;
  • ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау.

Штаб шешімі бойынша, тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету үшін Мәңгілік Ел даңғылы, № 30 («Есіл» ауданының №1 бөлімі) мекенжайы және тек қана автосалондар үшін қызметтер көрсету үшін 20-40 к-сі, № 2 (мамандандырылған бөлім) мекенжайы бойынша орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады.

Серіктес жаңалықтары