Түркістан облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар тәркіленді

Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды.

«60 кг-нан астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар алынды», - деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).