АҚШ-тағы сайлау: Камала Харрис маңызды мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Сайлауға 107 күн қалды

Фото: euronews.com

АҚШ вице-президенті Камала Харрис Джо Байденнің шешімінен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қараша айында өтетін сайлауда демократиялық партия атынан үміткер болуға ниетті екенін жариялады.

Euronews-тің жазуынша, Харрис президенттікке үміткер ретінде өзінің кандидатурасын ұсынды.

«Президенттің қолдауына ие болу мен үшін үлкен мәртебе және мен осы номинацияға лайық болып, оны жеңіп алғым келеді. Сайлауға 107 күн қалды. Біз бірге күресеміз. Біз бірге жеңеміз», - делінген оның мәлімдемесінде.

Еске салайық, Джо Байден АҚШ президентін сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын жариялады. Ол Камала Харристің кандидатурасын қолдады.

Камала Харрис АҚШ Сенатына 2016 жылы сайланды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ вице-президенті қызметін атқарып келеді. Ол – бұл лауазымға тағайындалған алғашқы әйел және африкалық-америкалық және азиялық тектес алғашқы өкіл.