Қазақстанның мұғалімдері енді қысы-жазы жасанды интеллектіні үйренеді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар шілде-желтоқсан айларында осы бағыттағы курсты онлайн оқиды

Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы ұстаздар мен оқушылар жасанды интеллектіні қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұғалімдерге жасанды интеллектіні оқытатын онлайн-білім беру платформасы ілкі жоба ретінде басталған.

«Алдымен 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттырады . Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Гүлнар Таласбаева хабарлағандай, онлайн курстар биыл шілде-желтоқсан аралығында өтеді.