ШҚО полицейлері есірткі тасымалдаушыны ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті көрші облыстың тұрғыны болып шықты

Видеодан алынған кадр

ШҚО полицейлер есірткі курьерінен шамамен 340 грамм гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті қамауға алынды.

Көрші облыстың 28 жастағы тұрғыны ШҚО аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сатуға тырысқан.

«Ұстау кезінде жедел уәкілдер оның көлігінің салонынан жалпы салмағы шамамен 340 грамм болатын өсімдік тектес есірткі заты – гашиш тәркіледі», - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары өткізу мақсатында есірткі заттарын сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.