Қонаев қаласында ветеринар дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шара «Ветеринария қызметкері» күніне орай өткен

Фото: Әсет Құндақбаев

Алматы облысы Қонаев қаласында «Ветеринария қызметкері» күні тойланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов салаға еңбегі сіңген азаматтарға алғыс хат табыс етті.

Айта кетерлігі, шара барысында Алматы облыстық ветеринария станциясы аудандық, қалалық ветеринария бөлімдеріне қызметтік көліктер табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап 10 шілдеде Қазақстанда «Ветеринария қызметкерлері күні» тойланады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.

Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды, сондай-ақ 203 аудандық ветеринариялық станцияларды, 2 334 ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қамтиды. Бұл ауылдық округтерден бастап республикалық деңгейге дейін барлық деңгейде бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.