Олар енді 5 жыл бойы елге кіре алмайды
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алты мың шетелдік республика аумағынан шығарылды. Олар енді бес жыл бойы елге кіре алмайды», - деп хабарлады ІІМ.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 2 мың жұмыс берушіге айыппұл салынды.