Әлеуметтік желіде балағат сөз айтып, ұлт намысына тиген алматылық ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматы қалалық Полиция департаменті, өз сөзінде әдепсіз сөздерді қолданып, ұлтаралық балағат сөздер айтқан алматылық тұрғынның ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, тергеу басқа да күдіктілердің әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ, полиция департаменті, азаматтарды сабырлық сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады.