17.07.2024, 04:00
Қоғам
Ақмола облысында масаң күйде мотоцикл айдаған жүргізуші бас бостандығынан айырылды
Сот айыпталушыны көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім шығарды
Фото: istockphoto.com
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған ақмолалық азамат масаң күйде мотоцикл айдап, полицейлердің қолына түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық сотына сілтеме жасап.
Сотталушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындау туралы айғақтарымен, рапортпен және іс бойынша басқа да дәлелдемелер арқылы дәлелденді.
«Сот үкімімен сотталушы «Т.» ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ..
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды